Қазақстандағы Наурызнама онкүндігі
«Наурызнама» – Қазақстандағы Наурыз Мейрамын тойлаудың жаңа форматы. Қазақстандықтар Наурыз мейрамын жыл сайын он күн бойы – 14-23 наурыз аралығында тойлай алады.
Онкүндік «Наурызнама» деп аталды.
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жаңа жыл мен көктемнің басталуын бейнелейтін, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар тамыр жайған басты мерекелердің бірін атап өтудің жаңа форматы ұсынылды.




